27.02.2017, 19:39
Оқылды: 58

БҚО-да өндіріс орындарда 8 жұмысшы көз жұмған

IMG-20170227-WA0038Былтыр облыстағы өндіріс орындарда 63 жазатайым жағдай орын алып, 76 жұмысшы зардап шексе, оның ішінде 8-і көз жұмған.


Еңбек қауіпсіздігіне байланысты 72 бұзушылық болғаны анықталса, 47 жұмыс беруші əкімшілік жауапкершілікке тартылған. Еңбек дауына 440 жағдай тіркелген.

Бұл жайында облыс басшысы алдында есеп берген БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы Азамат Айтуев айтты.

- Көптеген кəсіпорындардың жұмысшылары еңбек жəне техника қауіпсіздігін сақтамайды. Мəселен, коммуналдық желі істен шыққанда, жөндеу барысында жұмысшылардың арнайы киім кимегенін көреміз. Жол құрылысына қатысқандардың жайы да осындай. Сондықтан арнайы рейд жүргізіп, бұл бағытта тексеру жүргізіңдер, - деді облыс басшысы Алтай Көлгінов.

Еске сала кетейік, бүгін облыстық мекеме басшылары өңір жетекшісі алдында іс-шаралар жоспарымен бөлісуде.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале