24.04.2017, 18:06
Оқылды: 25

42 қылмысқа қатысы бар ұйымдасқан топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында аккумулятор ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды.


БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Квадрат» алдын алу шарасын жүргізу барысында 20 сәуір күні Подстепный ауылында учаскелік полиция инспекторлары Совет көшесінде тұрған «Ауди-80» автокөлігін байқайды. Сақшыларды көрген бойда автокөлікте отырғандар Орал қаласына қарай қашпақ болғанымен, көп ұзамай ұсталды. Тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан екі үлкен «Барыс» аккумуляторы табылды.

Ұсталғандардың үшеуі де аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, көп ұзамай олардың Теректі ауданы аумағында ғана емес, Орал қаласында да ұзақ уақыт бойы аккумулятор ұрлауды кәсіп қылғаны белгілі болды. Күні бүгін аталған топтың 42 қылмысқа қатысы бары анықталды. Олардың бәрі де - 20-25 жас аралығындағы жастар. Қазіргі кезде екеуі қамауға алынып, біреуі кепілге босатылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале