4.04.2017, 12:40
Оқылды: 54

Республикалық олимпиададан жүлдемен оралды

Olimpiada mektep Батысқазақстандық оқушылар Ақтау қаласында гуманитарлық пәндер бойынша өткен республикалық пәндік олимпиададан жүлдемен оралды.


     Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінен түскен мәліметке қарағанда, осы білім ордасынан барған 11 сынып оқушылары Раушан Сапар мен Айнұр Наукенова қазақ тілі мен әдебиетінен сәйкесінше екінші және үшінші орынды еншіледі. Олардың екеуінің де ұстазы - Динара Имашева. Сондай-ақ Аружан Абдолова ағылшын тілінен, Перизат Ғұмарова құқықтан алғысхатқа ие болды.

   Сонымен қатар білім бәсекесінен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының шәкірттері де құр қайтқан жоқ. Мектеп директорының бағдарлы пәндер жөніндегі орынбасары Айгүл Кенжеғалиеваның мәлім еткеніндей, 11 сынып оқушылары Лара Болатова (жетекшісі Айнұр Шадығалиева) екінші, Ақмарал Әубәкірова (ұстазы Азат Жексенов) үшінші орынға көтерілді.

         Айта кетейік, бұл қос мектеп ҰБТ-да жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале