2.03.2016, 16:47
Оқылды: 32

430 875 сайлаушы тіркелді

vibory Сейсенбі күні облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов өңір журналистерімен жүздесті. Ол кездесуде алда өтетін сайлауға байланысты атқарылып жатырған іс-шаралар барысы туралы баяндап берді.


- Сайлауға байланысты шаралар заң шеңберінде, уақтылы атқарылып келеді. Бүгінгі таңда әкімшіліктер жергілікті сайлау комиссияларына сайлаушылардың тізімдерін тапсырды. Төртінші наурызға дейін бұл тізімдерді тексеру жұмыстары жүргізіледі. Облысымыз бойынша 520 сайлау учаскесі бар. Олардың бәрі өз қызметтерін тиісті деңгейде атқаруға дайын. Соңғы тізім бойынша облыс бойынша барлығы 430 875 сайлаушы тіркелді. Сайлау күні қаладағы әрбір ірі учаскеде ХҚО қызметкерлері орналасады. Олар сайлаушы өзін тиісті тізімнен таппаған жағдайда жедел түрде тіркеу жасайды. Алайда әр тұрғын сайлау учаскесіне ертерек хабарласып, мұндай жағдайдың алдын алғаны жөн. Бұған дейін қандай да бір себеппен сайлауға қатыса алмаған жағдайда есептен шығару талоны барлық сайлаушының бір пайызына дейінгі мөлшерде ғана берілетін. Бүгінгі таңда есептен шығару талонына байланысты ондай пайыздық шектеу жойылды. Әр сайлау учаскесінің маңында тұрғындардың көңілін көтеру мақсатында музыка ойнатуға, концерт беруге, сауда-саттық жасау секілді мерекелік жағдай туғызуға рұқсат етіледі, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале