7.04.2017, 12:57
Оқылды: 71

Балық аулауға тыйым салынды

Balik aulauga tiyim 02   2017 жылдың 1 сәуірі  мен 31 мамыры аралығында облыс аумағында бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерін,  олардың өнімдерін заңсыз аулауға, тасымалдауға және сатуға тыйым салынуда. Осы мақсаттта «Бекіре-2017» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды. 


   Брифингте бұдан өзге жергілікті полиция қызметінің жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен орын алған жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ жаңа заңға сәйкес алатаяқсыз көлік қозғалысын қолмен  реттеу ережелері түсіндірілді.

   һБҚО ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы Еламан Валиевтің айтуынша, «Бекіре-2017» жедел профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері еш құжатсыз, ұсақ тұқымдас балық ресурстарын тасымалдағаны үшін алты адамға ҚР ҚК-нің 196-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Заттай айғақтардың нәтижесінде олардан 1500 келіден асатын балық тәркіленген.

   ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің  2015 жылғы 24 шілдедегі  №190 бұйрығына сәйкес балықтың уылдырық шашу және көбеюі кезінде бірнеше аумақта балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынған. Соған орай, Шалқар көлінде, Орал-Көшім суармалы-айналмалы жүйелері көлдерінде, Қамыс-Самар жүйесі өзен және көлдерінде  - 1 мамырдан 1 маусымға дейін,  Көшім, Киров, Бітік, Дөңгелек өзендерінде және Пятимар су қоймасында, облыстың өзге де басқа су қоймаларында – 1 мамырдан 16 маусымға дейін, сондай-ақ барлық жерде шаян аулауға 1 мамырдан 1 қазанға дейін тыйым салынып отыр.

Ләззат Шағатай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале