8.04.2017, 0:52
Оқылды: 86

Шаһардағы аялдамалардың жартысы заман талабына сай емес

received_10208839286871888Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен өткен тікелей эфир барысында call-орталыққа 100-ден аса сұрақ түсті. Оның дені жол құрылысы, аялдамалар жайы, қоғамдық көлік қозғалысы, тұрғын үй құрылысы, апатты үйлер жағдайы туралы болды.


Нұржігіт Сейтмағамбетов есімді тұрғын қала әкімінің атқарып жатқан шаруаларына көңілі толатынын айтып, ризашылығын білдіре отырып, өз ұсынысын да жеткізді. "Қала іргесіндегі қарттар үйінен асқанда «Локоматив» деген саяжайға жеңіл көлік те, коғамдық көлік те тоқтамайды. Жолы нашар, мектепке шыққан балалардың қоғамдық көлікті күтіп тұратын орны жоқ.  Сол жерге бір аялдама керек-ақ", -деді қала тұрғыны.

Бұл мәселені жақсы білетінін жеткізген әкім Зеленов ауданымен шектесіп жатқан бұл жолдың қалаға қарайтындығын, 500 метр жолдың жағдайын жақсы білетінін айтты.

   - Ол жерде жол жоқ деп айтуға болады. Сондықтан ол жерге қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сіз айтқан аялдама мəселесін ескеретін боламыз. Мен бұған тиісті мамандарды жіберіп, тағы да жағдайды анықтайтын боламыз, - деді қала басшысы.

Қаладағы басқа да аялдамалардың жай-күйіне тоқталып өткен Н.Төреғалиевтің айтуынша, шаһарда 471 аялдама бар екен. Дейтұрғанмен бұл әлі де жеткіліксіз. Оның 50 пайыздан астамы бүгінгі заман талабына сәйкес емес. Әсіресе, әуежай жақтан Самара күре жолының бойындағы, қалаға Атырау жақтан кірер жолдағы аялдамалар ескірген. Олардың бəрін жаңғыртуға əзірге қол қысқа болып жатқандығын, алайда қаржыландыру көздерінің қарастырылып жатқанын айтып өтті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале