15.04.2017, 20:24
Оқылды: 20

Ауылшаруашылық тауарлары нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылды

IMG-20170415-WA0118  Бүгін Орал қаласындағы Ықсанов көшесі бойында «Облыс орталығындағы Ақжайық жəне Сырым аудандары күніне» арналған іс-шара өтті.

    Халық назарына кең ассортиментте аудан шаруашылықтарының ауылшаруашылық тауарлары: ет және ет өнімдері, сүт және көкөністер нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылды.


   Жәрмеңке-көрмеге келушілер қолайлы бағамен қажет өнімдерін алып қана қоймай, сонымен қатар ауданның үздік шығармашылық ұжымдарымен ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарламаға, спорттық ойындарға және басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды тамашалады.

    Естеріңізге сала кетейік, қала орталығында аудан күндері əр апта сайын өткізілмек. Келесі аптада Қаратөбе жəне Теректі аудандары келеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале