17.04.2017, 11:56
Оқылды: 91

«Бекіре-2017» іс-шарасы басталғалы 2 300 келі сирек тұқымды балықтар тәркіленді

Bekire   Батыс Қазақстан облысы аумағында ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның мақсаты - балық түрлерінің және олардың өнімдерінің заңсыз аулануының, айналымының және контрабандасының жолын кесу және алдын алу.


      «Бекіре-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы  БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ сирек тұқымды балық түрлерін тасымалдаумен айналысқан 10 тұлғаны анықтап, қолға түсірді.

      Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 196 – бабы бойынша 10 қылмыстық іс қозғалды. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 9 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

   Аталған фактілер бойынша айғақ заттар ретінде  барлығы  2 тоннадан астам сирек тұқымды балықтар тәркіленіп алынды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале