21.04.2017, 14:19
Оқылды: 32

Болашақ журналистер "Археология және этнография" көрме залында

c55279cb-af97-4f9e-b7b1-6a0d346261e7Журналистика пәні бойынша өткізіліп жатқан IX олимпиаданың бірінші күнінде болашақ тілшілер "Археология және этнография" ҒЗО көрме залына барды. Ғылыми зерттеу орталығы ежелгі дәуір жәдігерлерінен бастап, орта ғасырлық қалаларға дейін қамтылған. Сол қалалардың бірі - Жанкент ("жаңа кент" сөзінен пайда болған). Сондай-ақ, аталмыш қала өз дәуірінде оғыздардың да астанасы болған.


c9ea7802-cbdb-4699-a9dc-30b23c343f02Археология орталығы 3 бағытта жұмыс жасайды:

  1. Ортағасырлық қалашықтарға қазба жұмыстарын жүргізу
  2. Ежелгі қалашықтарға қазба жұмыстарын жүргізу
  3. Этнографиялық материалдарға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу

Сонымен қатар, өткен тарихты бүгінгі ұрпаққа паш етіп тұрған көрмеде Сырдария өзенінің де өзіндік тарихы бар екендігі айтылды. Ежелгі дәуірде Сырдария өзенінің 4 үлкен арнасы болған. Соның ең көнесі - Іңкәрдария арнасы б.з.б 3 мыңжылдықтың жартысы-2 мыңжылдықтың ортасы. 374c96f5-cf4a-4051-aa2e-cb6067637f8fАрнаның бойында неолит, энеолит дәуірінің ескерткіштері көп кездеседі. Алайда Қызылқұм құмының себебінен дария басқа арнамен аға бастайды. Сол арна - Жаңадария арнасы. Жаңадария ескерткішінің бойында темір дәуірінің Шірік -Рабат, Баланды ескертшітері орын тепкен. Жаңадария арнасы б.з.б 2-1 ғасырларда ағыуын тоқтатады. Сырдария өзені енді Қуандария арнасымен аға бастайды. Бұл уақытта Жетіасар мәдениеті қалыптасты. Жетіасар мәдениеті - 200 шаршы шақырымды қамтитын, бір жерде жиналған қалашық. Қуаңдария арнасы 700-800 жыл аққан соң, ағуын тоқтатқан. Ал б.з.б 9 ғасырдың соңында Сырдарияның қазіргі ағу жолы қалыптасқан-мыс.

4Сырдарияның құяр тұсында "Батпақ" деген қалашық орналасқан, орталығы - Жанкент болған. Осылармен таныса отырып, болашақ журналистер Қорқыт қобызының әлем бойынша тек екі жерде ғана - Германияның Дрезден қаласы мен Ватиканда - сақталғанын білді.

Сондай-ақ аталмыш орталық 2005 жылдан бері толықтай археологиялық ескерткіштерге зерттеуді бастап, бүгінгі күнде соның нәтижесін де көріп отыр. Орталықта орналасқан әртүрлі тарихи бұйымдар мен табылған керамика заттарынан көруге болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале