24.04.2017, 16:11
Оқылды: 85

Оралда қайырымдылық концерті арқылы екі балаға көмек көрсетілді

konsert02   Өңір басшысы Алтай Көлгіновтің «Мейірімді көктем» мейірбандылық айлары жөніндегі бастамасына "Жас Отан" Жастар қанаты БҚОФ қолдау білдіру мақсатында партиялық «Мейірімді жүрекпен» акциясы аясында
"Нұр Отан" концерт залында қайырымдылық концертін өткізді.


  Қайырымдылық кеште облысымыздың жас өнерпаздары Ербол Ақбасов, Медет Оразов, Ақылбек Бектасов, Данияр Раxметжанов, Алтынбек Қанатқалиев, «Батыс» би тобы, «Batysstar» тобы мен республикамыздың эстрада жұлдыздары «Заман» тобы өнер көрсетіп, сонымен қатар республика көлеміне танымал ҚазиИТУ, Грант жайдарман топтары ізгі іске атсалысты. Қайырымдылық кештен түскен 357 580 теңге Байбалдиев Бақтияр мен Марат Қасымовтың ем-домына жұмсалу үшін теңдей бөлініп ата-аналарына табысталды.

Jasotan kayirimdilik

   -Әрбір адам шарапаты мол істерді жасауға атсалысса, нұр үстіне нұр болады. Қайырымдылық-ізгіліктің көрінісі. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын тауып, көмекке мұқтаж жандарға демеу болу міндетіміз деп білеміз. Алдағы уақыттарда да қайырымды шаралардың бастауы болудан Ақжайықтың жастары бас тартпайтындарын жеткізді,- деді «Жас Отан» Жастар қанатының БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале