25.04.2017, 11:32
Оқылды: 79

Оралдық жекпе-жек шебері Ақтауда өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Oraldik sportsen     Ақтау қаласында NFC-9 (Naiza Fighting Championchip) ережесіз кәсіби ұрысынан өткен 9-ыншы халықаралық турнирде батысқазақстандық Темірлан Ихсанғалиев жеңімпаз атанды.

     Аталмыш жарысқа Қазақстан мен Ресейден 20 спортшы қатысты. Қазақстаннан Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал қаласының  жекпе-жек шеберлері бақ сынады. Барлығы 20 ұрыс болса, соның екеуі 84 келіге дейінгі салмақтағы NFC WEST финалдық бәсекесі еді. Ең басты ұрыс батысқазақстандық Темірлан Ихсанғалиев пен Шешенстан елінің өкілі Рустам Алиевтің арасында өтті.

   «Naiza Fighter» клубының жетекшісі Нұрбек Қарабалаевтың айтуынша, 20 ұрыстың төртеуінде қазақстандық пен ресейлік спортшылар өзара сынға түсті. Соның үшеуінде қазақстандықтар жеңіліс тапса, Темірлан Ихсанғалиев қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.

    Жарысты Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов тамашалап, Т.Ихсанғалиевке жүлдесін табыс етті.

    Айта кетейік, Темірланның қарсыласы осал болған жоқ. Т.Ихсанғалиевтен үш жас үлкендігі бар, 34 жасар Рустам Алиев - кикбоксингтен Еуропа чемпионы, тәжірибелі спортшы. Ал қоян-қолтық ұрыстан халықаралық жарыстарда атой салып, жүлде алып жүрген Темірлан Ихсанғалиев 2015 жылы әскери самбодан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале