21.07.2015, 18:07
Оқылды: 19

Зашағандықтарды қуантқан – спорт кешені

Zashsagan sport kesheni    Сейсенбі күні ҚР Парламент депутаты Елена Тарасенко қала әкімі  Алтай Көлгіновпен  бірге жаңадан ашылып, жұмысын енді бастап жатқан «Арман»  спорттық - сауықтыру кешенін аралады. Жаңадан ашылған спорттық-сауықтыру кешені  Зашаған кентіндегі қара домалақ балаларға қуаныш сыйлағаны анық. Оны олардың  залды жарып жіберердей көңілді дауыстарынан айқын аңғаруға болады.  Әр залда күресіп, футбол ойнап жүрген балалармен жүздескен Парламент депутаты Елена Тарасенко  екінші қабатта шашка, шахмат ойнап отырған ардагер қариялармен тілдесті.

«Арман» спорттық-сауықтыру кешенінің аумағы 3300 шаршы метрді құрайды. Бұл жердегі спортзал қаладағы ең үлкен спортзалдардың бірі. Спорт кешенінде футбол, волейбол, баскетбол, күрес, тоғызқұмалақ, шашка, шахмат тағы да басқа  спорт түрлерінің секциялары балалар үшін тегін  жұмыс жасайды.  Сонымен қатар спорт орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де жағдай қарастырылған.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале