10.05.2017, 23:43
Оқылды: 55

БҚО əкімі жұмыс сапарымен Қазталов ауданына келді

IMG-20170510-WA0170Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов бірқатар елді мекендерге тартып жатқан су, газ құбырларының құрылыс нысандарымен, мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыстанып жатқан ауылшаруашылық құрылымдарының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Қазталов, Жаңақала, Бөкей ордасы аудандарына жұмыс сапарымен жолға шықты.


IMG-20170510-WA0250Өңір басшысы аудандарға сапарын Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округіндегі "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша тартылып жатқан ауыз су құбырының құрылыс барысымен танысудан бастады.

IMG-20170510-WA0169Кездесу барысында ауыл ақсақалдары округке су мен газ тарту мәселелері төңірегінде өтініштерін жеткізді.

Ал өңір басшысы Алтай Сейдірұлы Талдыапан ауылдық округіне ауыз судың биыл кіргізілетінін, ал көгілдір отынның келесі жылы тартылатынын айтты.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале