28.08.2017, 18:30
Оқылды: 20

Оралда спорт нысандарына 400 миллион теңге бөлінген

Облыстық мәслихат сессиясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі тыңдалды.

Өңір басшысы өз баяндамасында облыс орталығында атқарылып жатқан істерге де кеңінен тоқталып өтті. Мысалға, өңіріміз бойынша апатты жағдайдағы 243 тұрғын үй тіркелген болса, соның 43-і Орал шаһарында екен. Бүгінде тозығы жеткен жеті үй бұзылып, орнына көп қабатты 4 тұрғын үй салынуда. Облыс орталығында 76 шақырымды құрайтын 67 көше жолдары жөнделуде.  Кейбір көшелерге қиыршық тас төселіп, әлеуметтік нысандарға кірер жолдар салынып, жаяу жүргіншілер жолдары жасақталуда. Орал қаласында 507 миллион теңгеге 51 аула жөндеуден өтуде. Сонымен қатар облыс орталығына 32 спорт және балалар алаңқайын салуға 400 миллион теңге қарастырылған. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша 246 бейнебақылау камералары қойылуда.

Сессияда сөз алған облыстық мәслихат депутаттары атқарылған істер мен алда тұрған міндеттер турасында өз ойларын айтып, жүзеге асқан жұмыстарға оң бағаларын берді.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале