5.09.2016, 14:32
Оқылды: 19

«50 центнер дегеніңіз - абсолюттік рекорд!»

matevosian1Бұл - Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің мемлекеттен қолдау-көмек алған  «Матевосян» шаруа қожалығының басшысына айтқан сөзі.


«Матевосян» шаруа қожалығының жетекшісі Александр Матевосянның айтуынша, биылғы егін әдеттегіден бітік, алқаптардан жаздық дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталған. Жаздық дәнді дақылдардың әр гектарынан 23-24 центнерден, күздік дақылдардың әр гектарынан 50-52 центнерден өнім алған. Мұны естіген М. Құл-Мұхаммед: «Өзге аймақтарда гектарына 27 центнерден өнім алу рекорд болып саналады. Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш 14-15 центнер, оза шапқанда 16-17 центнерден болады. 50 дегеніңіз абсолюттік рекорд!»,- деп сүйсінді.

matevosian«Ұлт көшбасшысының, Мемлекет басшысының күшті қолдауымен бүгінде ауыл шаруашылығы саласының екінші тынысы ашылды. Қазақстан ірі агроөнеркәсіптік мемлекетке айнала бастады. Өнімдерімізді шетелдерге экспортқа шығарудамыз. Бұл өңірдің жері құнарлы. Аймақтың аумағы бойынша суы мол, арнасы кең Жайық өзені ағуда. Биыл жаңбыр мол болды, соның нәтижесінде күздік  дақылдар алқабының әр гектарынан 50 центнер бидай жиналды. Бұл - абсолюттік рекорд. Ауыл шаруашылығы саласының мықты дамуы агроөнеркәсіп саласын дамытып қана қоймай, ауылдағыларға жұмыс береді, жақсы жалақымен қамтиды. Осының барлығы Мемлекет басшысының ұдайы қамқорлығының арқасында», - деген  Мұхтар Құл-Мұхаммед  шаруашылық басшысы А.Матевосянның шаруашылықта - 70, комбинатта 700 адамды жұмыспен қамтып отырғанына назар аудартты.

Одан әрі ол Мемлекет басшысының дақылдарды өсіріп қана қоймай, оны өңдеу қажеттігін айтқанын еске салды. «Іргеде өнім өткізетін үлкен нарық – ешқандай кедендік кедергілер жоқ Ресей елі тұр. Тек қана ерінбей, жеңді түре іске сыбана кірісу керек», - деді шаруалармен өткен кездесу барысында.

Гүлбаршын Әжігереева

Фото Рафхат Халелов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале