28.01.2019, 22:06
Оқылды: 27

№51 мектептің қай жерге салынатыны белгілі болды

Бүгін Орал қаласындағы Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров тұрғындары алдында есеп берді. Кент әкімінің есебіне Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, қалалық мекемелердің басшылары мен мәслихат депутаттар, кент тұрғындары қатысты.

 zachagan (18)

Әкімнің айтуынша бүгінде кент тұрғындарының саны 52 мыңға жеткен. 13 шағынаудан және 1 село орналасқан бұл кенттің аумағы жыл сайын ұлғайып келеді. Зачаганда «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Аймақтарды дамыту 2020», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары басталғалы 34 көпқабатты үй салынған. Олардағы жалпы саны – 3903. Қазір 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Кентте 6 мектеп бар. Оларда 10 089 оқушы білім алады. Кентте соңғы екі жылда оқушылар саны 36 пайызға артқан. 755 оқушы мектеп автобусы арқылы қатынап оқиды. Желтоқсан айында «Сарытау» шағынауданында 900 орындық №50 мектеп пайдалануға берілді.

Есепті кездесуге қатысқан Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев тұрғындардың сауалдарына орай, кент аумағына салынатын №51 мектептің қай жерге салынатынын айтты. 900 орындық жаңа мектепті «Арман» шағынауданындағы автокөлік жүргізушілерге арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы
маңына салу жоспарланған. Қазіргі уақытта нысанның жобалық-сметалық құжаттары дайын.

Сондай-ақ Меловые горки шағынауданындағы №18 мектеп-балабақшасына жалғама құрылысы жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары дайын. Қазіргі таңда мемлекеттік зерттеуден өтіп жатыр.

 

Нұрлыбек Нұрланұлы,

суретке түсірген автор

©zhaikpress.kz

zachagan (1)

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің 

Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале