16.11.2017, 13:45
Оқылды: 75

Жайықтың қос жайсаңы «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атанды

IMG_1931Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов соғыс және еңбек ардагері Мұхтар Әжіғұлов пен халықаралық «Алаш» әдебиеті сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваға «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» марапатын табыстады.

-Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 18-ші тамыздағы «Облыстың, қаланың және ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру ережесі» туралы шешіміне сәйкес «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» марапаты табысталып келеді. Осындай марапатқа ие болған облысымыздың белгілі тұлғаларының қатарында Мұстақым Ықсанов, Рақымжан Елешев, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әли, Ескендір Хасанғалиев, Қайрат Жұмағалиев, Бисен Жұмағалиев, Иван Гапич, Ескендір Есімов, Қабиболла Жақыпов, Бақтықожа Ізмұхамбетов сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ұлы Отан және еңбек ардагерлері, ақындар мен халық әртістері бар.  Бұл дәстүр жалғасып, осындай құрметті атақ облыстық мәслихаттың ағымдағы жылдың 27 қыркүйектегі 13-ші сессиясында облыстың бірқатар азаматтарына да берілген болатын. Бүгінгі сәтті пайдалана отырып сол мараппаттарды табыс етуді жөн санадық,-деген облыс әкімі Алтай Көлгінов адамгершілік және патриоттық сезімге тәрбиелеуге ерекше үлес қосқаны үшін Ұлы Отан соғысының ардагері Мұхтар Әжіғұловты және әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін, халықаралық «Алаш» әдебиеті сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваны «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағымен марапаттады.

IMG_1958Сонымен қатар облыс әкімі дәл осындай атаққа облыс депутаттарының қолдауымен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Қазақстан Республикасы альпинистер құрамасының капитаны, жерлесіміз Мақсот Жұмаевтың да ие болғандығын атап өтті. Айта кетейік, Нұрлан Асқарұлы осы өңірде сегіз жылдам астам қызмет етіп, облыс басқарған болса, Ақжайық өңірінің тумасы Мақсот Жұмаев әлемдегі биік таулардың шыңдарын бағындырып, көк байрағымызды биіктерден желбіретіп жүрген атақты альпинист. Жалпы, облыс бойынша дәл осындай атаққа ие болған 15 тұлға бар екен.

Марапат иелерін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, соғыс және еңбек ардагері Қалам Сүйінішәлиев, қаламгер, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Мира Шүйіншәлиева, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Сүлеймен құттықтады.

 Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале