6.05.2016, 18:08
Оқылды: 41

5515 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

 Altai kolginov 5511    5515 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы келді.


     parad (1) - Еліміздегі  тыныштық пен тәртіпті сақтауда, заң бұзушылыққа жол бермеуде сіздердің еңбектеріңіз зор. Ел демалып, мерекені атап өтіп жатқанда, сіздер әрдайым алғы шепте қызметте жүресіздер.

     Тынымсыз еңбегіңіздің нәтижесінде еліміздің  тұрғындары балаларын алаңсыз мектепке, балабақшаға жібереді. Сондықтан да сіздердің абыроймен атқарып жүрген қызметтеріңізге алғыс айтқым келеді, - деген облыс әкімі Алтай Сейдірұлы жиылғандарды Жеңістің 71 жылдық мерекесімен құттықтап, майдангерлерімізге зор денсаулық тіледі.

   paradСалтанатты шарада 5515 әскери бөлімінің бірқатар қызметкерлері Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңістің 71 жылдығына орай облыс әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хаттарымен және  «ҚР Қарулы Күштерінің мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.

   parad (2) Ал облыс әкімі Алтай Көлгіновке ҚР Ұлттық Ұланының бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың атынан «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» І дәрежелі төсбелгісі табыс етілді.

   Өз кезегінде сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері М. Абдрахманов ел іргесі тыныш болсын! - деген ақ тілегін арнады.  Салтанатты шеруден соң облыс әкімі Алтай Сейдірұлы ардагерлермен амандасып,  олармен естелікке суретке түсті.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале