5.08.2015, 9:39
Оқылды: 19

Партия ұйымдарының өкілдері бас қосты

Janibek partia okilderi bas kosti    «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиевтың төрағалық етуімен, бастауыш партия ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Шараны қолға алған Асхат Хамитұлы өз сөзінде: «Құрметті әріптестер! Бүгінгі жиналыстың мақсаты - партия көшбасшысы, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұстанып отырған саясатын жүзеге асыру, партияның беделін жаңа деңгейге көтеру, бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру. Сондықтан да әрбір партия ұйымының жұмыс жоспары құрылып, оны біркісідей талқылап бекітуіміз қажет. Биыл, яғни, 2015 жыл – бастауыш партия ұйымының жылы. Осыған орай республика көлемінде «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өткелі жатыр. Сондықтан да бәріміздің илеп отырғанымыз бір терінің пұшпағы болғандықтан осы ауқымды сайысқа белсенділік танытып, атсалысайық. Бәріміз біріге отырып «Нұр Отанның» нұрлы істерін жүзеге асырайық»,-деді.

Дөңгелек үстелге қатысып отырған БПҰ-ның төрағалары өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағынбек Стамов «Бақытты балалық» жобасы аясында атқарылған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасын атап өтті. Ал есепші маман Айман  өз сөзінде бастауыш партия ұйымдарының мекемелері жарнаның 98 пайызын төлеп, жоспардан шығып отырғандықтарын тілге тиек етті. Жиналыс барысында Асхат Хамитұлы жалпы ауданда 15 бастауыш партия ұйымын атап өтіп, (соның ішінде аудан орталығында– 8, ауылдық округтерде – 7) партияның бірнеше жобаларының мақсаты мен барысын слайд арқылы түсіндірді. Жиын соңында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауына белсенділікпен қатысуға шақырды.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале