2.03.2016, 17:00
Оқылды: 26

61 жұмыссыздың ішінен 24-і «екі қолға бір күрек» тапты

Akjayik jymissiz   Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта бос орындарының жәрмеңкесі өтті.

Шара барысында аудан әкімі Әділ Жоламанов жұмыс берушілермен жүздесіп, олардың халықты жұмыспен қамтуға қатысты әлеуеті, мүмкіндіктері жайында әңгімелесті.

Жәрмеңкеге 19 мекеме мен кәсіпорын 41 бос жұмыс орнын ұсынды.  Олардың ұсынысымен танысқан 61 жұмыссыздың ішінен 24-і «екі қолға бір күрек» тапты.


Осындай шараның тиімділігін, оны алдағы уақытта да өткізу қажеттілігін айтып аудан орталығындағы «Ахмет» шаруа қожалығының жетекшісі М.Уәлиева және аудандық туберкулезден емдеу ауруханасының бас дәрігері С.Аймағамбетова сөз сөйледі.

Осында жиналғандар алдында жұмыспен қамту орталығы директоры Б.Ержанова ұғындыру өткізді, алдағы уақытта өтетін осындай қам-қарекеттер жайында әңгімеледі.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық адуаны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале