17.03.2016, 16:26
Оқылды: 32

68 үйірмеге 967 оқушы қатысуда

Zelenov okushi yirme   Зеленов аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы әр баланың мықты білім алуына, туризм саласында жетістіктерге жетуіне зор мүмкіндіктер ашып келеді. Бүгінде орталықта туризм, өлкетану және экология  бағыттары бойынша жалпы саны 68 үйірмеге 967 оқушы қатысуда.


2005 жылдан жұмыстанып келетін орталық, осы күнге дейін айтарлықтай жетістіктерге де қол жеткізіпті. Бірнеше әлемдік, республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орындар еншілеген. Әрдайым түрлі бәйгеде белсенділік танытатын Н.Иргусаева, М.Пухова, А.Имақанова, И.Имақановтардың алатын орны бір бөлек. Ал, шәкірттерін туризмге баулып, бар біліктілігімен бөлісетін ұстаздар О.Чарикова, Н.Ипполитова, О.Субботина, Н.Байсариева, С.Щербань, С.Хайруллиндер өз істерінің мамандары. Бүгінде бірлігі жарасқан ұжымда 44 қосымша білім беру педагогы мүлтіксіз қызмет атқаруда. Жылдың төрт мезгілінде жоспарлы да жүйелі жүргізіліп отыратын орталықтың жұмысы жанып тұр. Әсіресе, жадырап жаз келгенде демалыс лагері балаларға есігін айқара ашады.

Тағы бір айта кететіні, орталық өткен жылы облыста 12 аудан ішінен ең үздік деп танылды.

 www.zhaikpress.kz

Д.ТІЛЕКҚЫЗЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале