2.08.2017, 15:47
Оқылды: 16

6,9 млрд. теңгенің 6 жобасы жүзеге аспақ

Батыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  «Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.


Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақдәулет Ибраимов өңіріміздегі кәсіпкерліктің даму барысы жөнінде баяндады.

- Биыл кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде құны 6,9 млрд. теңге болатын 6  жобаны іске қосу жоспарлануда. Осы жобалар жүзеге асқан жағдайда 558 жұмыс орны, соның ішінде 416 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды қаржыландыру тәжірибесін одан әрі қарай жалғастыру көзделуде. Ол үшін облыстық бюджет пен аталмыш қордың әрқайсысынан 300 млн. теңгеден қаражат қарастырылады. Сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ екінші деңгейлі банктермен бірлесіп қаржыландыру үшін 700 млн. теңгеден қаржы бөлмек, -деген Бақдәулет Ибраимов мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы арқылы 8 жоба қолға алынғанын да қаперге салды.

Оның сөзінше, мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы бойынша қазіргі таңда 4 балабақша, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде. Сондай-ақ биыл Орал қаласындағы №7 емхана және №8 орта мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі шешілмек.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале