23.09.2015, 18:05
Оқылды: 34

7 млрд теңгенің түрлі заңбұзшылығы анықталды

Kaz Oral press konferecia   Бұл аптадағы «Қазақстан Орал» телеарнасында өткен баспасөз брифингінің қонағы БҚО тексеру комиссиясының мүшесі Мейрамхан Қыдырбаев болды. Мейрамхан Иманбазарұлы алдымен ҚР Президентінің 5 институционалды реформасына, оны жүзеге асыру бойынша қабылданған 100 қадамға тоқталды.

Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру, ашық қоғам деген бесінші тарау 10 қадамнан тұрады. Оның ішіндегі аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау 3 жылда бір рет жүргізілетін болады. Меморгандардың жұмыс нәтижесін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма жыл жүзеге асырылмақ. Есеп комитеті әлемдік аудиторлық компаниялардың үлгілері бойынша жұмыс жасайтын болады.

2011 жылы Президент Жарлығымен аймақтарда тексеру комиссиялары құрылған болатын. БҚО бойынша тексеру комиссиясы да содан бері жұмыс жасап келеді. 2015 жылдың 1-тоқсанында біз 6 тексеріс жасадық. 49 нысан (мемлекеттік мекеме) тексеріліп, 19 млрд 600 млн. теңге бюджет қаржысы қамтылды. Нәтижесінде 7 млрд. теңгенің түрлі заңнамалар бұзылуын анықтадық (былтырғы жылдың 1-тоқсанында бұл көрсеткіш 1 млрд. 900 млн. теңге болатын). Заңнама бұзылулары - бюджет қаржысын артық жұмсау, бюджетке түсім, мемлекеттік сатып алу т.б. Бұл заң бұзушылық анықталған қаржының 90 пайыздан астамы бюджетке қайтарылды. Кінәлілерге түрлі әкімшілік жазалар қолданылды, - деді брифингте Мейрамхан Қыдырбаев.

 www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек НҰРЛАНҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале