4.09.2015, 20:06
Оқылды: 25

Бензин бағасы әртүрлі

бензин3«Бензин бағасы босатылды» деген хабар естілгеннен кейін, zhaikpress.kz тілшілері қаладағы жанар-жағар май құю бекеттерін аралап шыққан болатын. 

бензин2«PIT STOP», «helios», «Москвичи» бекеттері 108 теңге деген бұрынғы бағаны ұстап тұр екен.

Ал «Азовсков» бекетінде «бензин жоқ» деп, бағасын алып тастаған. «Не болып кетеді?» деп артын күтіп отырған сыңайлы.

Қарбалас сәтті ұтымды пайдаланып, өзінше пайда көргісі келген «ҚазМұнайГаз» бекеті бензин бағасын шарықтатып, литрін 130 теңгеден деп жазып қойыпты.

азовсковАлайда жанар-жағармай құю стансаларында аса бір дүрбелеңді байқай алмадық.

Жергілікті басшылар бүгінгі таңда облыста АИ-92 маркалы бензиннің 300 000 тонна қоры бар дегенді айтып отыр.

Сондай-ақ бензин бағасын шамадан тыс көтерген кәсіпкерлерге жазалау шаралары қолданылады ден сендіруде.

Казмунайгаз 130www.zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Медет Досумов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале