12.02.2019, 19:42
Оқылды: 195

Ақын Жұбан Молдағалиев жайлы жаңа кітап жарық көрді

Бүгін ҚР Журналистер одағының мүшесі, ұстаз, тіл жанашыры, жұбантанушы Социал Пұсырманның «Жұбан – жас ұрпақтың жүрегінде» атты орыс тілінде жарық көрген  кітабының тұсауы кесілді. Шараны облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұйымдастырды.

20190212_194501

Кітапта ақын Жұбан Молдағалиевтің Отанының патриоты, мемлекеттік қайраткер ретіндегі бітім-болмысы баяндалады. Қырық жылға жуық уақыттан бері ақынның өмірі мен шығармашылығын, қайраткерлік қырын зерттеп жүрген Социал Жүркейұлы мыңға жуық мақала жазған екен. Бұл кітап сол жылдардағы еңбегінің берген жемісі іспетті. Кітаптың тұсауын ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков пен ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор Мұрат Сабыр  кесіп, жаңа туындының игілікті мақсаттан, елдің ақынына деген махаббатынан туғанын атап өтті. Шараға келген кітап авторының замандастары да, орыс тіліне аударған Талғат, Надежда Өтешқалиевтер де игі тілектерін айтып, мазмұны терең, мәні зор кітаптың оқырманы мол болатынына сенім білдірді.

- Кітаптың орыс тіліне аударылуына Ресейдің Самара қаласындағы "Ақжол" қазақ ұлттық мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дүйсенбаев қолқа салған еді.

Бұл самаралық қандастар жүрегі «елім» деп соққан жалынды ақынды білсін, танысын деген ниет еді. Ал кітаптың мазмұнын бұзбай аударған аудармашыларға алғысым зор, - деп ақжарма тілегін айтқан кітап авторы Жұбан ақынмен алғаш танысқан студенттік шағынан сыр шертті. Сондай-ақ кешті ұйымдастырушыларға, демеушілік жасаған облыс және Орал қаласының басшылығына алғысын білдірді. Филармония әншілері әннен шашу шашса, кеш иесінің немерелері Нұрәлі мен Аружан Жұбан ақынның өлеңдерін оқыды. Айта кету керек, Социал Жүркейұлының  әр жылдары жарық көрген «Ізгілік жолында», «Жырлайды жүрек», «Намыс найзағайы», «Мәңгілік қазақ» кітаптары және «Дариға жүрек» атты өлеңдер жинағы бар.

20190212_194401

20190212_194521

Ясипа Рабаева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале