16.02.2019, 11:32
Оқылды: 19

БҚО-да соңғы екі жылда 110 елді мекенге сапалы ауыз су тартылды

БҚО-да соңғы екі жылда 2 000 шақырым су желісінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов есептік кездесуде мәлімдеді.

IMG_0976

-Пайдалануға берілген үлкен жобалардың бірі – 16 мың халықты орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосатын, ұзындығы 180 шақырым болатын Жаңақала топтық су жүйесінің құрылысы. Бұрын аталған аудан тұрғындары ашық су көзін тұтынса, қазіргі таңда мөлдір, сапалы ауыз суға қол жеткізді.  Осыдан бірнеше жыл бұрын Жәнібек, Бөкей Ордасы, Жаңақала, Қазталов аудандарының елді мекендері түгілі аудан орталықтарының өзінде таза ауыз су болмады. Бүгінде бұл мәселе шешімін тапты, - деді өңір басшысы.

Бүгінде елді мекендердің 46%, яғни 204 ауылға таза су жеткен.  Бұл ауыл халқының 80 пайызы таза ауыз сумен қамтылды деген сөз. 2019-2020 жылдары тағы 28 елді мекенді таза ауыз сумен қамтылмақ.

IMG_0924 IMG_0887

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале