28.02.2017, 12:24
Оқылды: 18

754 бос жұмыс орыны ұсынылды

Бүгін Мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінде жоғары және орта оқу орындарын бітіруші түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде.


Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас маман» жобасы аясында өткен жәрмеңкеге Орал қаласы бойынша 25 жұмыс беруші -255 жұмыс орны және облыстың 10 ауданынан-499 жұмыс орны, барлығы 754 бос жұмыс орындары ұсынылды.

-Бұл жәрмеңке «Жас маман» жобасы аясында өтуде. Қазір мұнда жастар ресурстық орталығының кеңесшілері мен жұмыспен қамту орталығының мамандары, тұрғын үй жинақ банкі филиалының мамандары, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының кеңесшілері жәрмеңкеге қатысушы жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша тегін кеңестер беруде. Бұл жерде жастардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Жәрмеңкеге оқу орнын биыл бітіргендер ғана емес, былтыр бітіріп келгендер де қатыса алады, -дейді облыстық жастар ресурстық орталығының бастығы Кенесары Нұршинов.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале