6.12.2019, 15:30
Оқылды: 106

77 жобаға кепілдеме берілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО филиалының атқарған жұмысы туралы» тақырыбында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның облыстық филиалының директоры Әсет Тілемісовтың қатысуымен баспасөз мəслихаты өтті.

rsk (1)

«Даму» қоры филиалы арқылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының субсидиялау бағдарламасы (сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау) бойынша жлпы шамасы127,1 млрд. теңге болатын 857 жоба мақұлданған. Биылғы 11 ай ішінде облыста жалпы шамасы 11,9 млрд. теңге болатын 136 субсидиялау келісімшартына қол қойылып, 1,4 млрд. теңге субсидия төленген.

Екінші деңгейлі банктерден несие алу кезінде кәсіпкерлер «Даму» қорының кепілдемесін пайдалана алады. Яғни, әрекет етуші кәсіпкер банктен несие құнының 50%-ы мөлшерінде несие алу мүмкіндігіне ие болады, жас кәсіпкер несие шамасының 85%-ына дейінгі мөлшерде қор кепілдемесін ала алады. Кепілдендіру құралдарын 341 кәсіпкер пайдаланған.  2019 жылдың 11 айында өңірде кепілдеме бойынша 77 жоба мақұлданып, кепілдеме шамасы 1,5 млрд. теңгені құрады.

- 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және белсенді кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Оларға «Даму» қорының кепілдік етуімен жылына 6%-бен 6,500 АЕК-ке дейінгі бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін шағын несиелер беріледі. Бағдарламаның мақсаты - халықты жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.  2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қор 406,7 млн.теңгеге 9 жобаны мақұлдады, оның ішінде несие қоржынының жалпы шамасы 25 млн. теңге болатын 3 жобаға қол қойылды. Сондай-ақ қордың қарауында 120,7 млн. теңге шамасына 3 жоба, сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде шамамен 1,2 млрд. теңге несиелік шамасындағы 2 жоба бар, - деді Әсет Сағадатұлы.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі банктер жеке құрылыс иелеріне сыйақы мөлшерлемесі бойынша несиелер береді. Қазіргі кездегі базалық мөлшерлемесі жылдық 14,25%-ды құрайды. Оның ішінде «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 7%-бен қаржыландырады, қалған жылдық 7,25%-ды құрылыс иелері төлейді. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде несиенің жалпы шамасы 846,9 миллион теңге болатын 5 үйдің құрылысына берілген несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. Оның ішінде биыл 4 жоба қолдауға ие болды.

Гүлбаршын Әжігереева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале