15.09.2016, 16:24
Оқылды: 17

90 пайыз тұқымдық түрлендірілді

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

 Жәнібек ауданында «Агробизнес-2020» бағдарламасының шеңберінде биыл 8 айдың ішінде тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша 166 ШҚ және 1 ауылдық тұтыну кооперативін қосқанда 11523 бас аналық мал 427 бас асыл тұқымды бұқамен қамтылса, 15 ШҚ-ның 5844 аналық қойына 196 асыл тұқымды қошқар қосылды.


   Сондай-ақ, ауыл орталықтарындағы жеке табындардағы 4174 бас аналық мал 151 бас асыл тұқымды бұқамен қамтылды. Жалпы алғанда аудан бойынша 15600 бас аналық мал тұқымдық түрлендірумен қамтылып, 90 пайыз құрады.

Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале