20.05.2015, 17:36
Оқылды: 26

90 шақырым жол жөнделмек

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Сейсенбіде «Қазақстан-Орал» телеарнасында  өткен брифингке облыстық жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасының басшылары қатысып, аталмыш мекеменің өткен жылы атқарған жұмыстары мен биылғы жұмыс жоспары жөнінде баяндады.

Басқарма басшысының орынбасары Асқарбек Жақсығұловтың айтуынша, облыс аумағында 6 530,55 шақырым автожол бар, соның ішінде 1 287 шақырымы республикалық 5 243,55 шақырымы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Өткен жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге барлығы 7 206,65 млн. теңге бөлінді, оның 4 275,15 млн.теңгесі облыстық бюджет есебінен бөлінсе, қалған 2 931,5 млн. теңге республикалық бюджет үлесінде.

- 2015 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға  5 857,8 млн.теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 3 000,0 млн.теңге және облыстық бюджеттен 2 857,8 млн.теңге қарастырылды. Бұл қаржыға «Ақсай-Шыңғырлау», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автожолдарына  жөндеу жұмыстарын аяқтап, «Жымпиты-Қаратөбе», «Орал-Кирсанов», «Ақсай-Шыңғырлау», «Бұлдырты ауылына кірме жол» және «Аңқаты-Сарыөмір» автожолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Жоғарыда көрсетілген жоспардың орындалуы барысында шамамен 90 шақырымнан астам облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар жөндеуден өтпек.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале