21.10.2015, 19:15
Оқылды: 29

91 жүргізуші  көлік жүргізу құқығынан айырылған

лишениеЗеленов аудандық ішкі істер бөлімінің мемлекеттік аға автоинспекторы, полиция капитаны Алмаз Жұмапиевтің берген мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың тоғыз айында ауданда 25 жол-көлік оқиғасы орын алған.

Нәтижесінде 6 адам қаза болып, 40 жолаушы жарақаттанған. Жол апатының 4-еуі маневрді дұрыс орындамау, 7-еуі қарсы бағытқа шығып кету, 1-еуі қалғып кету, 1-еуі тиісті арақашықтықты сақтамау, 1-еуі артқа қарай жүріп, 10-ы жылдамдық асырса, 1-еуі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Одан бөлек 124 адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлеген. Тағы 91 жүргізуші ішімдік ішкен күйінде көлік жүргізіп, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылыпты.

www.zhaikpress.kz

Динара Тілекқызы

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале