11.10.2015, 11:30
Оқылды: 14

Тасқала аудандағы облыс чемпионаты

Taskala voleibol  Тасқала аудан орталығында ауылдық жердегі тұрғындар арасында волейболдан БҚО I чемпионаты өтті.

Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Мұқанов және спорт ардагерлері қатысып спортшыларды мерекелерімен құттықтады. Спорттың шараға Зеленов, Жәнібек, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі және Тасқала аудандарынан 8 команда қатысты. Жарыс екі күннен тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша Зеленов ауданы жарыс жеңімпазы атанса, тасқалалықтар екінші орынды қанағат тұтты. Ал, үшінші орын Жәнібек ауданының қанжығасында кетті. Сонымен қатар үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшылар жекелеген аталымдар бойынша алғыс хаттармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Р.Сатыбалдиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале