20.10.2015, 15:45
Оқылды: 25

«Менің Қазақстаным» концерті өтеді.

камерата28 қазан күні сағат 19.00-де облыстық филармонияның концерт залында Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік классикалық музыка камералық оркестрінің «Менің Қазақстаным» атты  концерті өтеді.

1997 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Гаухар Мырзабекованың бастамасымен құрылған «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка камералық оркестрі» жоғары деңгейдегі кәсібилігі арқылы орындаушылық шеберліктің қайталанбас бағытын жасап, Қазақстаннан өзге басқа да шет аймақтардың жұртшылығына кеңінен танылып, ыстық ықыласына бөленіп, 18 жыл бойы Қазақстан мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып отырған бірден-бір ұжым.

«Қазақстан Камератасы» табысының құпиясы әрдайым қызықты да тартымды репертуары, биік асуларға ұмтылысы, кез келген тәжірибеге дайындығы болып табылады.

Оркестр гастрольдік сапарлармен Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Италия, Чех Республикасы, АҚШ, Венгрия, Словакия, Израиль, Оңтүстік Корея, Түркия, Македония, Индия сынды көптеген мемлекеттердің үлкен сахналарында өнер көрсетіп жүр.

Концерттік бағдарламада әйгілі классикалық камералық музыканың туындыларымен  қазақстандық заманауи композиторларының шығармалары орындалатын болады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Гаухар Мырзабекова, дирижеры Павел Тарасұлы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале