26.10.2015, 10:25
Оқылды: 8

 

атаАудан әкімі Жеңіс Серікқалиев, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев Абай ауылының ақылман ақсақалы, ауданымыздың құрметті азаматы, талай жылдар  бойы ауданымыз бен еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай қызмет қылған, еңбексүйгіштігі мен қарапайымдылығының арқасында үлкен дәрежеге жеткен Әділгерей ақсақалды 80 жас мерейлі тойымен құттықтады. Аудан басшысы ардақты қарияға ақжарма тілегін білдіріп, сый-сияпат көрсетті.

 

Сексеннің сеңгіріне шыққан қария Әділгерей Ережепов 1935 жылы 19 қазанда дүниеге келген. 6 жасында әкесінен ерте айырылып, соғыс кезінде анасына қолғабыс етіп, 11 жастан бастап еңбекке араласқан. Еңбек жолын 1967 жылы жүргізуші юоп бастаған ол кейін бригадир қызметін атқарған. Астық өндірісін дамытуда кеңінен еңбек сіңірген ардагер Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. 1985 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Былтыр «Теректі ауданының құрметті азаматы» атағын алды.

Отбасында зайыбы Күләш әжемен бірге 5 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, 14 немере, 3 шөбере, 5 жиен, 6 жиеншар сүйіп отыр. Отанасымен жұптасқанына биыл 57 жыл. Жақын арада кейуана 75 жасқа толыпты. Бүгін, міне, екі атаулы да ерекше күнді қария елмен бірге атап өтіп жатыр.

1995 жылы ақсақалдың бастауымен құрылған «Гауһар» жеке қожалығының тізгіні қазіргі таңда ұлы Асқардың қолында. Тек қана 4 сыныптық білімі бар, қарапайым да еңбексүйгіш қария бір Алланың қолдауымен бүгінгі таңда осындай үлкен дәрежеге жетіп отыр.

 

www.zhaikpress.kz

Күлімхан Тасенова

Теректі ауданы

Абай ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале