21.07.2017, 10:28
Оқылды: 81

А.Көлгінов Тайпақтағы құрылыс нысандарында болды (ФОТО)

Акжайык 06   Облыс әкімі Алтай Көлгінов Тайпақ ауылдық округінде болып, ауыл көшелерін абаттандыруға бағытталған жұмыстарды тексерді. Айта кетейік, жергілікті бюджет есебінен 27,492 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылдың мамыр айында жаяу жүргіншілерге арналған асфальт жол салына бастаған болатын.


Ұзындығы 2,28 шақырымды құрайтын жолды салушы мердігер - "ВипСтройИнвест" ЖШС, директоры - Александр Попсулько. Тамыз айында аяқталуы жоспарланып отырған жаяу жүргіншілер жолы Тайпақ ауылындағы негізгі көшелерді бойлап, ауруxана, мектеп және мәдениет үйін байланыстыратын болады.

Акжайык 09

Акжайык 05

Акжайык 04

  Сонымен қатар аталған елді мекенде дене шынықтыру және спорт алаңының құрылысы жүріп жатыр. Саламат Сертеков басқаратын "Жолаушы-Жол" ЖШС қолға алған нысанның құрылысы мамыр айында басталыпты. Құрылыс барысын "Батыс Строй Груп" және "Газсервис и К" компаниялары қадағалауға алған. Жоба жергілікті бюджет есебінен 18,3 млн. теңгемен қаржыланған. Ағымдағы айдың соңында аяқталуы жоспарланған спорт алаңының жалпы ауданы - 0,315 гектар болса, құрылыс ауданы - 648 шаршы метр.

Акжайык 0 888

   Өңір басшысы бұдан кейін Ақжайық ауданының орталығы, Чапай ауылына соғып, екі пәтерлі, бір қабатты үйлердің құрылысымен және көшелерді абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Айымгүл Төлеуғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале