20.01.2017, 11:29
Оқылды: 60

Адам тонамақшы болған...

Pishak  Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімінің қызметкерлері кеше қаңтардың 18 күні сағат түнгі үштер шамасында қаладағы кафелердің бірінің қасында адам тонамақшы болған тұлғаларды анықтады.   


  Ағайынды екі жігіт 1998 жылғы жас жігіттің телефонмен сөйлесіп бара жатқанын көріп, қолындағы ұялы телефонын сұрайды. Алайда қаскөйлердің бұл амалына жас жігіт бірден келісе қоймайды. Ашуға булыққан ағайынды екі бұзақы оны пышақпен қорқытып, қолындағысын тартып алады.

  Қолданылған жедел шаралар барысында 1991 және 1993 жылы туылған екі жігіт қолға түсті. Оқиға орнында  «Самсунг S4» маркілі ұялы телефоны және пышақ тәркіленді. Ұсталған жігіттер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімі (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале