15.09.2017, 16:50
Оқылды: 27

Аға прокурор ұлы Абайдың туған жеріне жолдама ұтып алды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының қызметкерлері арасында Абай Құнанбайұлының туғанына 172 жыл толуына орай «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» атты байқау өткізілді.


Елбасының «Рухани Жаңғыру» атты жолдауында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана деп айтылды.

Шараның мақсаты - қазақ тілін рухани және мәдени мұра ретінде насихаттау, Абайдың өлеңдері арқылы қазақ тілі мен әдебиетке дәріптеу, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Үш кезеңнен тұрған байқауға 8 қызметкер қатысты.

Байқаудың нәтижесінде бас жүлдені облыс прокуратурасының басқармасының аға прокуроры А.Денизбаева иеленді.

Барлық қатысушыларға грамоталар, бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. Бас жүлдені иеленген қатысушы Абайдың туған жеріне саяхаттайтын болады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале