7.03.2017, 16:00
Оқылды: 58

«Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек»

Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірімізде қолға алынған іс-шаралар, алдағы жұмыстар туралы ОКҚ-ның облыстық филиалы алаңында өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов баяндады.


-Былтыр мемлекеттік салалық бағдарлама қайта қаралып, ҚР Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» болып бекітілді. Бағдарламаның басты мақсаты - нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндіруді қамтамасыз ету. Аталған бағдарлама аясында субсидияларды бөлу қағидалары қайта қарастырылып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан нақты ұсыныстар дайындалуда. Дайындалған ұсыныстар мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және қайта өңдеу саласын қамтитын болады,-деді Арман Кәрімұлы.

Баяндамашының айтуынша, ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына сәйкес облыста жаңадан ауыл шаруашылығы коопертивтерін құру және қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда облыста 130 ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыс жасауда.

- Облысымызға 2016 жылдан 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін 9 ауыл шаруашылығы кооперативі, 261 мал бордақылау алаңы, 2 сүт қабылдау пункті, 7 мал сою пункті, 8 рефрижератор алу және 7 мал сою пунктін жабдықтау жоспары берілді, -деді облыс әкімінің бірінші орынбасары

 

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале