12.09.2017, 11:53
Оқылды: 23

Агросыныптарға 33 оқушы қабылданған

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық филиалы ұйымдастырған брифинтге аудан əкімі Санжар Əлиев айтты.

Биыл Жəңгір хан атындағы БҚАТУ бағдарламасы негізінде Тасқала ауданындағы 2 мектепте ашылған агросыныптарда факультативтік сабақтар басталған.

Яғни, Қ. Сəтбаев атындағы мектепте 17, С. Жақсығұлов атындағы мектепте 16 бала агросыныпта оқуда. Пилоттық жоба мерзімі - 2 жыл. Оқу бағдарламасы 8-9 сыныптарға арналған. Бағдарлама 7 модульден тұрады. Аграрлық мамандықтар, агробизнес негіздері, мал шаруашылығы мамандықтары бойынша курсты аяқтаған оқушыларға өңірдегі ЖОО-ларға түскен кезде жеңілдік жасалады. Аудандағы шаруа қожалықтары оқушыларды машықтан өткізуге дайын.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале