15.02.2017, 15:05
Оқылды: 17

Әйелдер қауымының қолдауы зор

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» РҚҰ президенті Раушан Сәрсембаева, «Luxury Antonovich Design» жобасының жетекшісі Елена Антонович пен «International Gold Group» ЖШС бас директоры Сандуғаш Бекжігітова қатысты.

–Елімізде әйелдер үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын Парламент Мәжілісіндегі депутаттардың санынан да көруге болады. Егер 2006 жылы әйелдер аз болса, қазір біздің үлесіміз 27,1 пайызға жетті. Яғни, елімізге маңызды шешім қабылдайтын адамдардың 30 пайызы әйелдер. Ал барлық деңгейдегі мәслихаттарда әйелдер өкілдігінің деңгейі сайланған депутаттардың жалпы санының 22,2 пайызына жетіп отыр. Бұл жағынан Қостанай мен Ақтөбе облыстары бәрінен озып тұр, – деді ол. Сонымен бірге ол әйелдер қауымы ел экономикасының дамытуға да қомақты үлес қосып келе жатқанын айтты.

–Мәселен, соңғы 10 жылда жылдан жылға әйелдің жұмыссыздығы 1,6 пайызға төмендеп, бизнестегі әйелдердің үлесі 50 пайызға дейін өсті. Әйелдер Елбасының барлық бастамаларының сенімді қолдаушыларына айналып, өкіметтің барлық реформаларына белсенді араласып, тәуелсіздігімізді нығайтуға маңызды үлес қосып келеді, – деді Р.Сәрсембаева.

Жиында Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы нәзік жандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, отбасындағы кикілжіңдерге қатысты мәселелердің бар екенін де айтып, соларды шешу үшін тиісті жұмыстың жасалып жатқанын жеткізді. Ал жалпы айтқанда Раушан Сәрсембаева Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы әйел, еркек кіндік демей бәріміздің болашағымыз үшін жасалған құжат екенін, оны халқымыз бір-бірімізді ұлтқа, жынысқа, дін мен тілге бөлмей бірігіп іске асыру керектігін айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале