21.08.2018, 9:20
Оқылды: 61

Айт намазы оқылды

 

20180821_070411-1Бүгін күллі мұсылман қауымының асыға күткен Құрбан айт мейрамы басталды. Бұл күні исі мұсылман Алла тағаланың разылығы үшін құрбан шалып, мейрім-шапағатына бөленуге тырысады. Осыған орай шаһарымыздағы барлық мешіттерде айт намазы оқылды.


 

Таң сәріден Алла үйіне ағылған жамағаттың қарасы тым көп болды. Намазға келген ағайынға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов тағылымды уағыз айтты.

20180821_064930- Мұсылман адам айт күні құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді. Құрани-Кәрімнің «Хаж» сүресінің 37-аятында: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтар» делінген. Әсілінде, «құрбан» сөзі «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Жағдайы бар әрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уәжіп, яғни мұсылмандық міндет. Ал мүмкіндігі жоқ адамдарға Алла тағала мұндай міндет жүктемеген. Көрші мен туысқанға айттап барып, үлкеннің алғысы мен батасын алу - сонау заманнан келе жатқан мұсылмандық дәстүріміз, - деді өкіл имам.

Мұнан соң облыс әкімі Алтай Көлгінов барша жұртшылықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Бұдан кейін жамағатпен айт намазы оқылды. Намаздан соң жиылған жұртшылыққа мешіт алдында тегін бауырсақ пен көже берілді.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Суретті түсірген автор

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале