4.06.2019, 15:48
Оқылды: 53

Айт намазының уақыты жарияланды

471859_1442046700Ертең, 5 маусым – Ораза айттың бірінші күні. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы ертең Қазақстандағы қала және облыс орталық мешіттерінде ораза айт намазы өткізілетін уақытты жариялады. БҚО-да Айт намазы оқылатын уақыт – 06:30. Күн шығатын уақыт – 05:17.

Пітір садақасын бермегендер болса, бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Пітір садақасы рамазан айында, яғни рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет.  Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады.

Сондай-ақ, Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды.

Айт – басқаларға кешірім жасайтын күн. Бұл күні ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап татуласады. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале