27.06.2017, 12:57
Оқылды: 57

Айтжан Нұрманова: «Бөкей ордасы тариxын АҚШ, Жапон, Ресей ғалымдары да зерттеп жатыр»

19512556_702939059904181_708107681_nЕліміздегі эпиграфиялық ескерткіштерді зерттеу бағытында қолға алынған «Қазақ халқының мәдени ескерткіштері - рухани мұраны сақтау мен жеткізудің жолы (Батыс Қазақстан облысының эпиграфиялық ескерткіштері негізінде)» атты үшжылдық жоба бойынша алматылық ғалымдар Бөкей ордасы ауданында зерттеу жұмыстарын жүргізуге келді.


-Бөкей ордасы тариxын АҚШ, Жапон, Ресей ғалымдары зерттеп жатыр. Алайда олар арxив деректерімен ғана жұмыстануда. Ал ондағы деректер біржақты болып келеді. Біз нақты деректер - эпиграфиялық ескерткіштердегі ақпаратты тариxи айналымға қосамыз. Бұл зерттеулердің маңызын биыл Елбасы мақаласымен қуаттап жатыр. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Біздің жұмыстар соған үлес болады, - дейді «Жайық Пресс» ЖШС-ында өткен кездесуде Алматы қаласындағы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, құлпытастарды зерттеу жөніндегі жоба жетекшісі Айтжан Нұрманова.

19512623_702939076570846_1808035502_nАлматылық және жергілікті ғалымдар ортақ мақсатқа бірігіп, зерттеу жұмыстары Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 2015-2017 жылдарға арналған «Қазақ халқының мәдени ескерткіштері - рухани мұраны сақтау мен жеткізудің жолы (Батыс Қазақстан облысының эпиграфикалық ескерткіштері негізінде)» атты ғылыми жобасы басталған болатын. Биыл осы жоба қорытындыланып, бірнеше тілде ғылыми жинақтар жарық көрмек. Ал алдағы жылдарға БҚО-мен көршілес Ресейдегі құлпытастарды зерттеу жоспарланған.

Бұл жоба Батыс Қазақстан облысында басталғанмен, тек еліміздің ғана емес, шетелдік ғалымдардың да үлкен қызығушылығын туғызып отыр. Өйткені құлпытастың бетінде адамның тек жеке басына қатысты мәліметтер ғана емес, мемлекеттік саясат та көрініс тапқан, діни, рухани идеология да қашалған. Мұнан басқа қайтыс болған адамның қоғамдағы алатын орнына, мәртебесіне қарай, діни білімінің деңгейін көрсететін аят-сүрелер қашалып жазылған, жоқтау сарынды өлеңдер табылып отыр.19553437_702939129904174_199374158_n

-Жоқтау қайтыс болған адамға айтылғанмен, тірілерге өмірден өткен кісіден сабақ алсын деген бағытта айтылған,- тарих ғылымдарының кандидаты Дина Медерова.

«Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллиннің айтуынша, Батыс Қазақстан облысындағы 3000 құлпытас суретке түсіріліп, хатталып тіркелсе, соның жартысынан көбінің мәтінін зерттеушілер оқып, аударып үлгерген.

Ғалымдар зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін Бөкей ордасы ауданына жол тартады.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале