5.06.2018, 16:46
Оқылды: 31

Ақ Жайық өңірінің экологиялық ахуалы көрші облыстардан озық

Бұл жайында облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов хабарлады. Бүгін облыстық қазақ драма театрында дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау жəне экологтар күніне байланысты форум өтуде. Биыл - Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл.

Шараның ашылуында облыс əкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов сөйледі. Игорь Стексов өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту үшін бірнеше бағытта жобалар қолға алынғанын айтты. Оның ішінде Киров-Шежін су магистралін жаңырту, аудандардағы суландыру жүйесін дамыту, жер қойнауын пайдалануды реттеу жүзеге асуда. Облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов елімізде экология саласы бойынша жүзеге асатын іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі іске қосылатынын атап өтті.  Кейін облыстық табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дəулетжанов сөйледі.

Шарада сала ардагерлері жəне аталған департамент мамандары, экология саласын дамытуға үлес қосқан белсенді азаматтар ҚР Энергетика министрлігінің жəне облыс əкімінің алғыс хатымен, «ҚР экология саласына 30 жыл» медалімен марапатталды. Жəне табиғатты қорғау тақырыбына қатысты жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған байқау жеңімпаздарына дипломдар табыс етілді.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале