22.11.2019, 16:35
Оқылды: 998

Әкім ақынды құттықтады

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев танымал ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегері, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолланы қырық жасқа толуымен құттықтады.

haliolla2

- Мерейлі жасыңыз құтты болсын! Сіздің сөз өнеріндегі алатын орныңыз бен абырой-беделіңіз бәрімізге мәлім. Ақынның сөзі халық үшін, ел үшін әрдайым маңызды. Ақынға артылған жауапкершілік те жоғары. Елімізді өркендету - біздің ортақ мүддеміз. Сіздің еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілеймін, - деді облыс әкімі.

Ақынға сый-сыяпат көрсетіп, құттықтаухат табыс етті. Бауыржан Ергенұлы құрмет көрсеткен өңір басшысына алғысын білдірді. «Қырық жас біреуге аз, біреуге көп болуы мүмкін. Өзім осы жасқа жеткенше талай айтыс-тартысты көрдім. Халық әлі де сенім артса, елдің сөзін сөйлеуге, сіздермен бірлесіп қызмет етуге дайынмын», - деді ақын. Сонымен қатар ол облыс әкіміне өзінің кітабын тарту етті.

haliolla

Ақынның мерейтойына орай туған жері Қособа ауылы мен Сырым ауданы орталығында халықпен кездесу кеші мен ақындар айтысы, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Таң менен бесін арасы» атты шығармашылық кеші өтеді.

Ясипа Рабаева,

сурет Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале