16.12.2018, 13:38
Оқылды: 19

Әкімдік қала тұрғындарынан қар тазарту жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды

Облыс әкімдігі "Жайық Таза Қала" ЖШС-ның жұмысшылары мен арнаулы техникалары кешеден бері қала жолдарын, жаяу жүргінші жолдары жəне аялдама бекеттерін қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

jol

Осыған байланысты қолайсыздықтар болса, қала тұрғындарынының түсіністік танытып, сала мамандарының қар тазалау жұмысына кедергі келтірмеуін сұрайды.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу үшін іс-шара жүргізілетінін, төтенше жағдайлар бола қалса, оны жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтіріліп, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 10.00-12.30 аралығында қатты тайғаққа байланысты облыс орталығынан шығатын барлық бағыттағы жол жабылған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале