5.01.2017, 17:17
Оқылды: 68

Ақпарат үшін сыйақы

terro  Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы алаңында «Террорлық актіні болдырмауға немесе алдын алуға көмектесетін ақпаратты хабарлағаны үшін берілетін сыйақы ережелері туралы» брифинг өтті.


  Өңір журналистері жиылған брифингте терроризмге қарсы облыстық жедел штабтың БАҚ-пен байланыс бойынша тобының мүшелері Асылай Ғұбашева және Әсел Бедрова аталмыш тақырып аясында қос тілде хабарлама жасады.

  - 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 Қаулысы қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз. Бұл терроризм актісін болғызбауға және жолын кесуге көмектесетін болады. Аталмыш бағыттағы ақпаратты хабарлаған адамға уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті) сыйақыны 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі  255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша  750  айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша  1000 АЕК көлемінде төлейді.

  Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам сыйақыдан бас тартқан жағдайда, уәкілетті органның аумақтық органына тиісті өтініш береді. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, айыпты адамға қатысты 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесуалдық кодексінің (бұдан әрі  ҚПК) 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде, сондай-ақ ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9, 11 және 12 тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленеді. Болуы мүмкін ақпаратты тәулік бойы тегін 110, 102, 112 сенім телефондарына хабарлауға болады. Сонымен қатар, егер уәкілетті орган террорзм актісі туралы көрінеу жалған фактіні анықтаса, бұл құқық бұзушылық түрі үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабына сәйкес арнайы қызметтерді (мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық жәрдем, авария қызметі) көрінеу жалған шақыртқаны үшін 15-тен 60 АЕК-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салынуымен әкімшілік жауаптылық көзделген. Сондай-ақ, 6 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуымен қылмыстық жауаптылыққа тартылады (ҚК 273-бабы).

   Екі жағдайда да мұның салдарын жоюға тартылатын уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ, басқа да жеке және заңды тұлғаларға келтірілген материалдық залал сот тәртібінде өндіріледі. Құзыретті органдарда «анонимдерді» анықтауға арналған техникалық мүмкіндіктер жеткілікті, - деді Асылай Талғатқызы.

Нұртас Набиоллаұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале