3.05.2019, 18:37
Оқылды: 21

Ақпараттық хабарлама (Сайлау-2019)

«Жайық Пресс» ЖШС – «zhaikpress.kz» сайтының (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі 2019 жылдың 9 маусымында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу үшін ұсынылған үміткерлерге сайлау алды үгіт-насихат материалдарын интернет кеңістігінде орналастыру шарттарын ұсынады.

Интернет кеңістігін ұсынудың жалпы тәртібі мен ережесі

Интернет кеңістігін ұсыну жазбаша өтініш берілген сәттегі cайттың бекітілген прайс-парақшасы негізінде жүзеге асырылады.

Интернет кеңістігін ұсыну Қазақстан Республикасы Президентіне үміткердің интернет кеңістігінде үгіт-насихат материалдарын орналастыру жөнінде Сайттың меншік иесімен арада жасалған жазбаша келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарт нұсқасы мен оған қосымша құжаттар, төменде көрсетілгеніндей, жазбаша өтініш жазылған жағдайда ұсынылады. Үміткердің/сенімді өкілдің cайтқа жарияланым орнын ұсыну жөніндегі келісімшартқа қол қоюы үміткердің/сенімді өкілдің сайлауалды үгіт-насихат жүргізумен байланысты Сайт қызметін қабылдауға келіскені болып табылады. Мұндай келісімшартты жасау үшін үміткер/сенімді өкіл cайттың меншік иесіне төмендегі ақпараттары бар жазбаша өтініш жасауы керек:

– жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, мерзімі және уақыты;

– жазбаша өтініш беруші үміткердің/сенімді өкілдің аты-жөні, тегі;

– жазбаша өтініш беруге құзыреттілігін дәлелдейтін құжат;

– үміткердің/сенімді өкілдің құзыретті мемлекеттік құрылымдар тарапынан берілген жеке куәлігі, ҚР заңнамаларына сәйкес басқа да құжаттар;

– интернет кеңістігі орнының көлемі және ұсыну уақыты көрсетілген жазбаша өтініштің, үгіт-насихаттық материалының мәтіні;

– үміткердің немесе сенімді өкілдің қолы.

Жазбаша өтінішке онда сілтеме жасалған құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.

Жарияланымда оның ақысы төленгендігі, материалдың шығуына жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері туралы мәліметтер және ақпаратты ұсынушы тұлғаның тегі болуы тиіс.

Безимени-0004

Сайт материалдарының орналасу кезегін cайт жазбаша өтініштердің түсу ретіне орай бекітеді. Бірнеше үміткерден/сенімді өкілден жазбаша өтініш бір мезгілде түскен жағдайда Сайт сол күні жеребе өткізеді. Жеребеге сайт материалдарын орналастыру кезегін талап етуші үміткерлер немесе үміткерлердің мүддесін қорғайтын сенімді өкілдер және жеребенің тәуелсіз сарапшысы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Әрбір үміткерге/сенімді өкілге сайт материалын орналастырудың мерзімі салынған жабық конверттің біреуін таңдау ұсынылады. Конверт саны жеребеге түсуші тараптардың санымен тең болады. Жеребе аяқталған соң жеребеге қатысушы тараптардың өкілдері мен БАҚ өкілі жеребенің хаттамасына қол қояды. Жеребе нәтижесі (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына жіберіледі.

Үгіт-насихаттық сайт материалдарының берілу тәртібі

Үгіт-насихаттық сайт материалдары Сайтқа ҚР «Сайлау туралы» Заңының 28-бабы, 3-тармағында қарастырылғандай көлемде дайын күйінде жарияланым орнын ұсыну жөнінде Сайттың меншік иесімен келісімшартқа қол қоятындай құзыреті бар тұлғаның қолы қойылған күйінде ұсынылады.

Үгіт-насихаттық сайт материалдары Сайтқа оның Сайтқа жарияланатын уақытынан 7 (жеті) жұмыс күні бұрын ұсынылады.

Егер мәтінінде конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздікті шайқалтуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық алауыздыққа, қатыгездік пен күш қолдануға, сондай-ақ заңда қарастырылмаған әскерилендірілген құрылымдар құруға шақырған идеялар көрініс тапса және заңда көзделген басқа да негіздерге орай Сайт үгіт-насихаттық сайт материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Сайт ұсынатын жарияланым орнының көлемі мен ақы төлеу тәртібі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 маусымдағы сайлауына қатысушы үміткерлерге жарияланым орнын ұсынғаны үшін төленетін ақы мөлшері Сайт бекіткен прайс-парақша негізінде:

– 50000 теңге (бір А-4 бетке дейін, 2 фотосуретке дейін);

Баннерлық жарнама:

Баннер №1 – 30000 теңге

Баннер №2 – 24000 теңге

Баннер №3 – 14000 теңге

Баннер №4 – 10000 теңге

Баннер №5 – 12000 теңге

Жарияланым орнын ұсынғаны үшін төлемақы тиісті сайлау қорының есебінен толық көлемде алдын ала аударылуы тиіс.

Алдын ала төлеу Сайт ұсынған есепшот негізінде осы есепшот берілгеннен кейінгі 3 (үш) операциялық күн ішінде жүргізілуі тиіс.

Төлеу Сайтқа жарияланым орнын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген банктік деректемелеріне сәйкес немесе ұсынған есепшот негізінде жасалады.

Р. Сәбитов,

«Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале