6.12.2016, 10:02
Оқылды: 53

Ақсай қаласының "Жыл үздігі" анықталды

borli_uzdik_2016Байқау осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – жастар саясатын кеңінен насихаттау және жүзеге асыру, облыс көлемінде жыл бойына жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, әр салада өз кәсіби шеберлігін көрсеткен ел ертеңі  деп сенген жастарды анықтау.


 

"Жыл үздігі - 2016" Бөрлі ауданының жастар сыйлығы байқауының ашылу салтанатымен ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Қуандыққызы құттықтап, "Үздік жас тәртіп сақшысы" номинациясымен Райымбек Хадышевті, "Ең үздік жастар қолдаушысы" номинациясымен Ернар Тұрланұлын марапаттады. Сондай-ақ ауданымызда ана мен бала өмірін сақтап, дені сау балалардың  дүниеге келуін борышым деп санайтын " Үздік жас дәрігер" номинациясымен  Айбек Әлібекұлын аудандық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Жұмабек  Шайхиев марапаттады.

№4 орта мектеп директоры Лаура Боранбайқызы "Үздік жас студент" номинациясымен Шыңғыс Серікұлын, аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Орынбасар Төлемісов "Үздік жас ұстаз" номинациясымен №3 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Гүлшат Мұратты, "Нұр Отан" партиясының Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мереке Ізтілеуов "Үздік жас тілші" номинациясымен "Қарашығанақ" телеарнасының тілшісі Нұргүл Тобышеваны, "Үздік жас ақын" номинациясымен Айнагүл Болатқызын, "Үздік жас спортшы" номинациясымен Ильяс Ихсановты марапаттады.

Бөрлі ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Өрлен Бисенов "Үздік көшбасшы" аталымын  Аманжан Жұмагельдинге, Бөрлі аудандық демалу орталығының директоры Абдул Рахметов "Үздік жас өнерпаз" номинациясын Мөлдір Бекежановаға табыстады.

Аида Есенаманқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале