16.09.2017, 15:15
Оқылды: 68

Ақсайда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

IMG-20170916-WA0073Ақсай қаласының 50 жылдығына байланысты жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Кешен есігі алдында лентаны қиған облыс əкімі Алтай Көлгінов пен спорт ардагері Тілек Қарабалин тұрғындарды мерейтоймен құттықтады. Спорттық нысан құрылысына "ҚПО б.в." компаниясы 860 миллион теңге бөлген.
- Биыл облыста бой көтерген 4 ірі спорттық кешеннің 2-уі Бөрлі ауданында салынды. Бұл жобалар Елбасы тапсырмасына сəйкес бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асуда, - деді облыс əкімі Алтай Көлгінов.

Шағын шаһардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін «Фирма АТК» ЖШС салған. Кешендегі ғимаратта жаттығу залдары, бокс, тоғызқұмалақ, волейбол секцияларына арналған бөлмелер жəне медициналық кабинет орналасқан. Кешен аумағында футбол алаңы жəне жеңіл атлетикаға арналған жүгіру жолағы, 1200 көрермен орындығы ғана салынған. Бөрлі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Ержан Масалимовтің сөзінше, 824 оқушы кешенде спорттың 15 түрімен айналысады.
IMG-20170916-WA0071Облыс əкімі бастаған топ кешендегі спорттық нысандарды көрген соң, футболдан "ҚПО б.в." компаниясы мен жергілікті атқарушы органдар командалары арасында өткен жолдастық кездесуді тамашалады.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале